Қала ішіндегі қала

Screenshot_20.jpg  

«Шымкент» ӘКК» Басқарма төрағасы Рашид Аюпов Highvill Kazakhstan компаниясының бас директоры Канг Джон Дэнмен кездесті.  

Жиында алдымен Highvill тарапынан «Shymkent City» жобасына жауапты басшы тағайындалып, елге таныстырылды.  Кейіннен басшылар негізгі жоспарға көшті. Биылғы күзде Highvill қаладан тұрғын үй кешенін салмақ. Рашид Аюповтың мәлімдеуінше, кореялық флагман «Shymkent City-ден» көп функционалды тұрғын үй кешенін салуды жоспарлап отыр. Компанияның бұл пәтерлері ақылды технологияға негізделген. Мәселен, елордадағы «Highvill» кешенін нұр-сұлтандықтар «Қала ішіндегі қала» деп атайды. Себебі өзіндік дәріхана, сауда орны, сұлулық салоны, балалар орталығы, гүлдер дүкені, дәмхана мен дәмі тіл үйірер мейрамханалары бар.

 «Shymkent City-де» 47 га аумақта оңтүстіккореялық теxнологиямен қала тұрғындарының игілігі үшін заманауи саябақ салынбақ. Салаға жауаптылардың айтуынша, «Shymkent City» қалашығындағы құрылыс жұмыстары 2019 жылдың күзінде басталады. Жалпы жоспар бойынша алдағы 10 жыл ішінде 7554 пәтер салынбақ.

Еске сала кетейік, Shymkent City ауданы қаланың солтүстігінде. Ол 12 кварталдан тұрады. Мұнда шағын және орта бизнес үшін нысандар, ойын-сауық орталықтары, емханалар, саябақ пен демалыс орындары ашылады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер