Неміс кәсіпкерлері серіктес болмақ

Screenshot_5.jpg

Көне әрі жаңғырған  шырайлы Шымқалаға бүгінде қызыға да қызғана да қарайтындар көп. Бүгінде дамыған мемлекеттердің өзі үшінші мегаполиспен ынтымақтастық орнатуға ынтығып отыр. Солардың бірі Германия. 

Жақында қала  әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Германия Федеративті Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тило Клиннер бастаған делегациямен кездесті. Кездесу барысында қос тарап өзара ынтымақтастық тетіктері жайын талқылап, екіжақты қатынастарды дамыту туралы пікір алмасты. Қала әкімі Германияны сенімді серіктес әрі тұрақты инвестор деп санайтынын, барлық салада ынтымақтастық байланысты дамытуға ынталы екенін жеткізді.

Өз кезегінде мәртебелі мейман жаңа статусқа ие болған Шымкент аумағында жүзеге асатын жобаларға неміс кәсіпкерлері қатысуға дайын екенін және сол арқылы іскерлік ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін білдірді.

Бүгінгі таңда Шымкенттегі «Karlskrona LC AB», «AsiaTrafo», «Бал Текстиль», «AZALA Textile» сынды ірі кәсіпорындар алдыңғы қатарлы неміс компанияларының технологиялары мен жабдықтарын қолданады. Ал,«Шымкентцемент» АҚ «Heidelbergcement» компаниясының қатысуымен цемент зауытын жаңғырту жобасын жүзеге асырды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер