Жаңғыру – ұлттық өнерден басталады

Screenshot_6.jpg

Шымкентте Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Әдеп-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Қолөнер – сырлы өнер» көрмесі өтті. Орталыққа 15-тен астам шебер жиналып, өздерінің төл туындыларын, қазақтың ұлттық нақыштарын дәріптейтін түрлі бұйымдарды қала тұрғындарына ұсынды. Жергілікті қолөнер шеберлері мен зергерлер, сонымен қатар темірден түйін түйіп, сазды сәнді бұйымға айналдырған хас шеберлер бас қосты.

Бұл көрменің ерекшелігі сол, қонақтар ұлттық нақыштағы киімдер мен зергерлік заттардың бірнеше нұсқасын көріп, жіп иіру, кілем тоқу сияқты алтын қолды шеберлердің де өнеріне, бұйымдарына осы жерде куә болды. Қолөнер шеберлері келушілерге сол жерде шеберлік сағатын өткізді.

Қазақстан Шеберлер одағының, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Шымкент университетінің доценті, қолөнерші Бибіажар Симова сабауды сабап отырып, жастарға өзінің қолөнерінің сырын ашты. «Сабау сабаймын, жүн түтемін, оны иіремін, ұрып, тоқимын. Соның арқасында ел көрдім, жер көрдім, Қазақстан бойынша хас шебер атандым. Бәрі де еңбектің арқасы. Сол жастар ескі өнерді жалғастырса деймін»,- дейді ол. 

 Көрмедегі Ә.Қастеев атындағы Оңтүстік Қазақстан өнер және дизайн колледжінің бұрышында қос ішекті домбыра, торсық, күміс пен мыстан құйылған бұйымдар, гобеленді картиналардың бәрі студенттердің қолынан шыққан.

Жеңіл өнеркәсіп колледжінің, М.Сапарбаев атындағы институтының «Парасат» колледжінің, №90 жалпы орта мектеп жастарының кестелеп тігілген, өрнектеп безендірілген бұйымдары адамның көз жауын алады. Дорба, масатыдан құрақталған көрпелер де керемет тартымды. Он саусағынан өнер тамған зергерлер мен шеберлер ағаштан, күмістен жасалған құнды дүниелері мен былғарыдан тігілген бұйымдарын әкелген.

Елбасы жоғарыда аталған мақалада ең негізгі ерекшелік ретінде ұлттық өнерге баса назар аударған болатын. Сондықтан да шығармашылық көрме Елбасы жолдауын қарапайым емес, барша адамзатты біріктіретін ортақ, əрі қуатты «өнер тілімен» жеткізді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер