Үшінші мегаполиске 1 жыл!

Screenshot_9.jpg

Шырайлы Шымкентте аталған шаһарға Елбасы Жарлығымен республикалық мәртебе беріліп, еліміздің үшінші мегаполис атанғанына бір жыл толуына орай өнер жұлдыздарының қатысуымен үлкен мерекелік концерт ұйымдастырылды. 

– Елімізбен бірге шаһарымыз да қарқынды дамып келеді. Республикалық статусқа ие болу бір жағынан абырой, мәртебе болса, екіншіден қала әкімі мен тұрғындарына үлкен жауапкершілік жүктеді. Біздің қаламыздың тұрғындары өз мәдениетімен, қонақжайлылықпен басқа қалаларға үлгі болуы керек. Ол үшін барлығымыз бірге, аянбай жұмыс істейік, – деп тұрғындарды мерекемен құттықтаған қала әкімі Ғ.Әбдірахымов жұртқа Тұңғыш Президенттің ықыласын жеткізді. 

Мерекелік сахна төрінде шаһар басшысы он азаматқа «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» төсбелгісін тақты. Атап айтсақ алты жыл бұрын осы қаланы басқарып өнегелі тірліктерімен көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген абзал азамат,  бүгінде жеке кәсіпкер, «Отау Групп» компаниясының президенті Қайрат Молдасейітов, «Авиценна» көпсалалы медициналық колледжі «Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық» кафедрасының меңгерушісі Кеңес Үмбеталиев, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Еркін Сатқанбаев, Шымкент қалалық білім басқармасының «Оқушылар сарайы» КММ директоры Наталья Романова, ұлттар достығын насихаттап жүретін «Достық» қауымдастығының төрағасы  Икрам Хашимжанов, «Ferrum-Vtor» ЖШС-нің құрылтайшысы Абдурашит Омаров, «Береке А» корпорациясының директоры Рәшкүл  Оспаналиева, «TS Development» ЖШС-нің құрылтайшысы және директорлар кеңесінің төрағасы Серік Төлбаев пен әйгілі эстрада әншісі Қайрат Нұртас осы атаққа лайықты деп танылған екен. Осындай құрметтен соң «Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов қала жұртшылығын мерекемен құттықтады. Шымкенттің дамуына бұл сала қызметкерлерінің де еңбегі сіңген. Оған Шымкент қаласында 270 тен астам кәсіподақ ұйымы тіркеліп, 37 мыңға жуық мүшесі барлығын айтсақ та жеткілікті. 

Мейрам күні кешкісін көрші Өзбекстан елінен «Ялла» тобы, Алматыдан «Азия», «Бақай» топтары келіп ән шырқады. Олардың қатарын Зируза, Төреғали Төреәлі мен Қайрат Нұртастар толықтырып, жастардың көңілін серпілтті. Ал, Тәуелсіздік саябағында балалар мен жасөспірімдер жүзге жуық батпырауық ұшырып, «Жастық шақтың аспаны» фестиваліне қатысты. Әрі демеушілер есебінен 200 балаға тегін балмұздақ берілуі де мерекені қызықтыра түсті. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер