«Сабантой» ортақ мереке

Screenshot_11.jpg

Шымкент қаласында түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді. Соның бір дәлелі ретінде Абай саябағында қалалық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Сабантой» мерекесі өтті. Іс-шараға қатысқандар алдымен Абай хәкімнің ескерткішіне гүл қойды. Сосын ғасырлар бойы төсекте басы, төскейде малы қосылған, қоңсылас жатып ортақ дәстүрінен ажырамаған татар және башқұрт халықтарының ұлттық тағамынан дәм ауыз тиді. Ағайынды ұлттың өкілдері халық әндерін айтып, ұлттық киімде би биледі. Көңілді кеш қолөнер көрмесі мен татар күресі, арқан тарту, қол күресі сынды ұлттық спорттық ойындарға ұласты. 

– Бұл көктемгі егін егу науқаны аяқталғанда көңілі жайланған ағайынның ағайынның жасайтын тойы. Қазіргі таңда мейрам қазақстандықтар үшін маңызы зор мерекеге айналды. Бүгінгі іс-шара елімізде тұратын түрлі этнос өкілдерінің бірлігін нығайтып, ынтымағын арттырады, – деді қалалық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы Ася Мухамедова.

«Сабантой» мерекесі мәдени мұра ретінде ЮНЕСКО тізіміне енгізілген. Ал, Шымкентте 1990 жылдан бері жылда аталып өтеді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 40-тан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты
  • 25 жылын құрылысқа арнады
  • Сапалы жолдар - білікті маманның жемісі
  • 25 колледждің базасы нығаяды
  • Текесу тұрғын алабына 14 шақырым су құбыры жүргізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер