"Химфармның" тынысы кеңейді

Screenshot_7.jpg

Шымкентте «Химфарм» АҚ зауытының негізінде құрылған цифрлық инженерлік білім беру орталығы ашылды. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, орталықтың лентасын қиды.

- «Химфарм» компаниясының тарихы жетістіктерге толы. Мен мегаполисте жаңа кәсіпорындар ашылып, олар заманауи талаптарға сай болғанын қалаймын. Жуырда Үкімет басшысы жиналыс өткізіп, жиында өндірісін жаңғыртқан және цифрлық үрдіске бет алған компаниялар жайлы айтты. Олардың арасында SANTO компаниясы да бар. Бұл – біздің қала үшін қуаныш, - деді қала әкімі. 

       100 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалған орталықтың негізгі міндеті - компания мамандарының біліктілігін арттыру, сондай-ақ IT технологиялар, автоматтандырылған метрология және технологиялық процестерді басқару саласындағы колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін оқыту.

       Бүгінде зауыт ыстық түсіретін дәрі-дәрмектер, антацидтер, асқазан жарасын емдеуге қажетті, өт айдайтын препараттар, диареяға, вирустарға, жөтелге, суықтауға қарсы препараттар, жүйкені тыныштандыратын, теріні және жарақаттарды дезинфекциялайтын дүниелер шығарады. Сондай-ақ, фармацевтикалық тұнбалар, парафармацевтикалық, тамақтануға қосымша қоспалар, урология, дерматология, гинекология және акушерлік, эндокринология, иммунология салаларына қажетті, тағы басқа да толып жатқан дәрі-дәрмектер әзірлейді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы соңғы өткен Съезден бері әлемде өте жағымсыз үрдістер белең алғанын айтты
  • Тоқаев: Қазақстан жері ежелден түрлі мәдениеттер тоғысып, өркениеттер өзара біте қайнасқан мекен
  • Тоқаев әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің ашылуында сөз сөйледі
  • Шымкент: 2025 жылы инвестиция көлемі 1 триллион теңгеден асады
  • Шымкент: Жеті қалаға тікелей халықаралық әуе рейстері іске қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер