Шымкент агро-индустриялық аймағына шетелдіктер қызығуда


Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков, «Shymkent» ӘКК» АҚ төрағасының орынбасары Р.Ерменбеков түркиялық «UYANIK YATAGANLI» компаниясы өкілдерімен кездесті.

«UYANIK YATAGANLI» Түркия мемлекетінде ауыл шаруашылығы техникаларын өндірісін іске асыратын алдыңғы қатарлы компания. Жиында компания өкілдері ауыл шаруашылығы техникалары өндірісін Шымкент қаласында іске қосу туралы жоспарлары бар екенін жеткізді. Бұған байланысты басқарма басшысы А.Қаныбеков қонақтарға Шымкент қаласының инвестициялық климаты мен инвестициялық мүмкіндіктерін, мемлекет тарапынан инвесторларды қолдау бағдарламаларын таныстырды. Әрі түрік компаниясы ұсынған жобаны Агро-индустриялық аймақта іске асыруға болатынын айтты.  

«UYANIK YATAGANLI» өкілдерінің айтуынша, олар Шымкент қаласының және еліміздің ауыл шаруашылығы техникаларына сұранысы бойынша талдау жүргізуде екен.  Бұл бағытта басқарма басшысы Шымкент қаласында егілген дақылдардың түрлері мен көлемі бойынша ақпарат ұсынып, компания өкілдері үшін өзекті сұрақтарға жауап берді.

Кездесу нәтижесінде тараптар жобаны іске асыру бойынша тығыз жұмыс істеуге келісті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 40-тан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты
  • 25 жылын құрылысқа арнады
  • Сапалы жолдар - білікті маманның жемісі
  • 25 колледждің базасы нығаяды
  • Текесу тұрғын алабына 14 шақырым су құбыры жүргізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер