Шымкенте жолаушылар тасымалдау саласы тағы жаңа екі автобус бағыттарымен толықты. Қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, жаңа автобустар №16 және №45 бағыттар бойынша қызмет көрсетпек.
№45 бағытындағы жаңа автобустар "Достық" шағынауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы (АвтоЦОН) мен Шымкент темір жол вокзалы аралығында қатынайды. Тұрғындарға түніктірек болу үшін тарқатып айтсақ, АвтоЦОН шыққан автобус Алматы айналма жолымен «Алаш», «Бекжан» базарларын басып өтіп, Жиделібайсын, Ю.Гагарин көшелерімен жүрып өтіп, Республика, Тәуке хан даңғылдарымен Ж.Тәшенов, Төле би көшелерін қамтып, вокзалға жетеді.
№16 бағыттағы жаңа автобустар мына сызбадағы көрсетілген көшелермен жүріп, тұрғындарға сапалы қызмет көрсетеді: “Shymkent bus” – Тәуке хан – Қойкелді батыр – Ақназар хан – Төле би – Түркістан – Д.Қонаев – Тәуке хан – Республика – Б.Саттарханов – Ашурходжаев – Өркендеу – Чайковский – Б.Саттарханов – Ы.Алтынсарин – Тұрсынбаев – Ферма.
Қазақстанда құрастырылған жаңа автобустар салқындатқыштармен, пандустармен, бейнекамералармен, жолаушылар ағынының датчиктерімен, GPS-трекерлермен жабдықталған. Автобустың жалпы сыйымдылығы – 56 адам.