Әл-Фарабидың мерейтойы мегаполисте өтеді

67935426_2285472565099030_3598504783784181760_o.jpg

Ерлан Айтаханов келер жылы Түркістан облысында басталатын әлем елдері «екінші ұстаз» атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған шаралардың Шымкентте қорытындыланғанын қалайды. Қала әкімі бұл ойын оңтүстік өңірінің зиялы қауым өкілдерімен кездесуінде айтты. 

– Ұлы ұстазға арналған іс-шараның ашылуын Түркістанда өткізіп, жабылуын неге Шымкентте өткізбеске?! Себебі әл-Фараби оңтүстік жұртына ғана емес, тұтас қазақ халқына, адамзатқа ортақ тұлға. Бұл Түркістан мен Шымкент тұрғындарының ортақ мерекесіне айналатын айтулы іс-шара болар еді. Тағы бір есте ұстайтын мәселе, келер жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы болады. Осынау мерейді де тасытатын, үлкен жауапкершілік те жүктейтін шараға түркістандық ағайындар да атсалысып жатса, бұл шара біз күткендегіден де жоғары деңгейде өтер еді, – деді Ерлан Қуанышұлы.

Сондай-ақ, кездесу барысында рухани құндылықтарды дәріптеу, оны жас буынға насихаттау жайы да сөз болды. Сонымен қатар жастар тәрбиесінде ұлт зиялыларының рөлі жайында келелі пікірлер ортаға салынды. Жиынға қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерімен бөлісіп, «мұндай шаралар жиі өткізіліп тұрса» деген тілектерін жеткізді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер