Айтаханов үш ауысымды азайтуға кәсіпкерлерді тартуды тапсырды

айтаханов.jpg

Шымкент қаласында биылғы 2019-2020 оқу жылында 144 мемлекеттік және 11 жекеменшік мектепте 200 мыңнан астам оқушы білім алады. Бұл туралы бүгін Түркістан сарайында өткен «BILIM jane GYLYM» атты педагогикалық тамыз кеңесінде айтылды.

Қалалық Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Текебаева Шымкенттің республикадағы үшінші қала мәртебесін алуы білім саласының дамуына септігін тигізіп отырғанын, бұл үшін 77 млрд теңгеден астам қаржы бөлінгенін, яғни былтырғы жылмен салыстырғанда 26 пайызға артқанын жеткізді.

– Шымкентте 19 мектепте балалар үш ауысымда білім алады. Биылғы оқу жылының жағымды жаңалағы 4 жаңа мектеп пен 1 мектептің қосымша құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, өткен жылы 4 жекеменшік, осы жылдың тамызында 2 жекемешік ашылды. Бұл оқушы орнының тапшылығын жою мәселесін жүйелі шешуге септігін тигізді, – деді А.Текебаева.

Қала әкімі Ерлан Айтаханов үш ауысымда білім алуды азайтуда кәсіпкерлерді тартуды, қалаға қосылған елдімекендердегі білім ошақтарының шалғайлығын айтып, оқушыларды тасымалдауды ретке келтіруді тапсырды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер