Шымкентте 4 жаңа мектеп пайдалануға беріледі

айтабил.jpg

Шымкентте жаңа оқу жылында 4 жаңа мектеп пайдалауға беріледі, 1 білім ошағының қосымша құрылысы аяқталады. Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Текебаева «BILIM jane GYLYM» атты педагогикалық тамыз кеңесінде мәлімдеді. 

Кеңеске Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының төрағасы Жамбыл Жылбаев, білім саласының қызметкерлері мен ардагер-ұстаздар қатысты. Қала басшысы ұстаздарын қауымын жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, білім саласындағы өзекті мәселелерді шешудің жолдарын кеңесте бірге талқылды.

– Тұңғыш Президент Н.Назарбаев тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап ұстаздарға шексіз қамқорлық көрсетіп, әрдайым білім саласын дамытуға жағдай жасады. Елбасының сарабдал саясатын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев асқан ілтипатпен жалғастыруда. Бүгінде ұстаз қауымына жүктелген жауапкершіліктің салмағы да аз емес. Әлемдік білім бәсекесінде топ жарып шығатын, қабілетті ұрпақ тәрбиелеу – ұстаздардың қолында. Ал биылғы жаңа оқу жылы мемлекеттік орта мектептер жан басына қаржыландыру жүйесіне өтумен ерекшеленеді. Бұл білім ұйымдарында ашық бәсекелестікті қамтамасыз ететін болады, – деді қала әкімі.

Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Текебаева қаланың республикадағы үшінші қала мәртебесін алуы білім саласының дамуына септігін тигізіп отырғанын, бұл үшін 77 млрд теңгеден астам қаржы бөлінгенін атап айтты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды
  • Шымкенттің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті бекітілді
  • Соңғы 3 жылда Шымкент экономикасына 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
  • Студенттер зауыт жұмысымен танысты
  • Жұмысшы мамандықтар жылы: еңбек адамын дәріптеген маңызды кезең
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер