Мемлекеттің көмегін халық пайдасына жұмсады

Screenshot_17.jpg

Шымкент қаласында «Shymkent Мedical Services» клиникасы бар. Бүгінде клиника тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша ересек азаматтарға тәулік бойы стационар ретінде жұмыс жасауда.  Мекеме өз жұмысын кеңейту мақсатында мемлекеттік бағдарлама арқылы «Даму» Қорының жеңілдетілген несиесін алған. Клиника қаржыландыруды алғаннан кейін жаңа медициналық жабдықтар сатып алыпты. Мемлекеттік бағдарламасынң шарапатын көрген медицина мекемесі коронавирустың кең таралған тұсында ауруханалардағы төсек-орындар саны жетпей тұрған шақта тәулік бойы тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсеткен. 

Тұрғындардың денсаулығын жақсартуға  үлес қосып келе жатқан клиникада зерттеудің зертханалық және аспаптық әдістері бар. Атап айтқанда қанның биохимиялық талдауы, ЭКГ, жүректің УДЗ және басқа да әдістер тез және дәл диагноз қоюға мүмкіндік береді. «Shymkent Мedical Services» клиникасының учаскелік дәрігерлері емханада алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді. Онымен қоса, тұрғындардың шақыртуларымен үйлеріне де барады. 

Енді жаңа медициналық аппараттар арқылы акушерлік/гинекология, урология, ангиология, кардиология (стресс-эхо және тері өңеш зерттеулерін қоса алғанда), жер үсті құрылымдары мен қаңқа-бұлшық ет жүйесін зерттеу сияқты түрлі салаларда жоғары сапалы бейнелерді алуға болады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер