Жаңа білім ұясы есігін айқара ашты

Screenshot_32.jpg

Шымкентте Құрсай шағынауданында Әл-Фараби атындағы жекеменшік жаңа мектеп пайдалануға берілді.  Наурыз мерекесі қарсаңында беріліп отырған оқу ордасының ашылу салтанатына қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов қатысты.

- Қала мектептерінің қатарына жекеменшік Әл-Фараби мектебі қосылып отыр. Бұл - Елбасымыздың білім саласын дамыту бағдарламасы негізінде жүзеге асуда. Үш ауысымды білім ордаларын жою мақсатында ашылған мектептің жұмысына сәттілік тілеймін. Елін, жерін сүйетін білімді, ұлтжанды тұлғалар тәрбиеленеді деп сенемін, - деді Жанат Тәжиева.

550 орындық жаңа ашылған білім ордасында балалардың толыққанды білім алуына барлық жағдай жасалған. Оқушылардың түрлі үйірмелер мен спорттық шараларға қатысуға мүмкіндігі бар. Білім ұясында 105 мұғалім жұмыс істеп, 1261 оқушы білім алады.

Айта кетейік, үшінші мегаполисте халықтың миграциялық және демографиялық өсіміне байланысты жыл сайын оқушы саны 15 мыңға артуда. Кешенді жоспар бойынша 2025 жылға дейін 64 900 орынға арналған 85 мектеп құрылысы жоспарланған. Қалған 10 000-ға жуық орынды кәсіпкерлер ғимараттарын қайта құрылымдау, жалға алу арқылы жекеменшік мектептер ашу жолымен жүзеге асырады деп күтілуде. 2021 жылы қаладағы апатты мектептер шешімін тапса, сыныпта толымдылығы 35-40 оқушы болған 12 мектеп 2022 жылы, ал, үш ауысымдағы 13 мектептің мәселесі 2023 жылы толық шешілмек.

Сонымен қатар, басқарма басшысы қазіргі таңда мектеп салуға ниет білдірген кәсіпкерлер саны артқанын тілге тиек етті. Оның айтуынша алдағы уақытта инвесторлар есебінен 6 мега, 10 зияткерлік, 1 халықаралық деңгейдегі мектептерге басымдық бере отырып, 46 әлеуметтік мектеп салу жоспарланып отыр.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер