Оңалту орталығы ашылды

Screenshot_1.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында:  «Тек ресми статистика бойынша 80 мыңнан астам бала мүгедектігіне байланысты есепте тұр. Үкімет БЦП диагнозы бар балаларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсетуді жақсарту үшін шаралар қабылдауы керек. Балаларға қолжетімді болуы үшін шағын және орташа оңалту орталықтарының желісін кеңейту қажет. Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз. Мен бұл туралы өзімнің сайлауалды бағдарламамда айттым», — дей келе Үкіметке осы мақсатта үш жыл ішінде кемінде 58 млрд теңге бөлуді тапсырған болатын.

Президенттің тапсырмасына орай  Шымкент қаласында балалар арасындағы күрделі ауруларды ерте оңалтудан өткізу үшін қалалық клиникалық балалар ауруханасында екінші кезеңдегі оңалту бөлімшесі ашылды. Бөлімше 20 орынға лайықталған.

Бөлімшенің артықшылығы - науқастар ауруханадан емделіп шыққаннан кейін 14 күн өте емханаға барып, портал арқылы оңалту емін алуға мүмкіндіктері бар. Мұнда бейінді мамандар емдік шараларын жүргізеді. Сондай-ақ диагностикалық тексеру жұмыстарын жүргізу үшін қажетті аспаптық лабораториялық зерттеулер, катамнез кабинеті, травматологиялық жарақат алғандарды қалпына келтіру үшін соңғы үлгідегі аппараттар орнатылған. 

Оңалту бөлімшесінде орталық нерв жүйесі зақымданған үш жасқа дейінгі балаларды неонатолог, невролог, травмотолог, ортопед мамандары емдейді. Жалпы оңалту бөлімшесі неврология нейрохирургия, травмотология, ортопедия, кардиология, кардиохирургия, пульмонология, психолог, логопед бейіні бойынша жұмыс істейді. Сонымен қатар, ковидпен, өкпе және мульти жуйелі қабыну синдромы диагнозымен ем қабылдаған науқас балаларды қалпына келу емі жүргізіліп, онлайн түрде республикалық мамандардың кеңесі беріледі.

Бөлімшеде медицина мамандары ем шараларын дәрі-дәрмекпен катар физиоем, кинезотерапия, монтессори әдісі бойынша оңалту шараларын жүргізеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер