Өз студиясын ашты

Screenshot_17.png

Қолынан іс келсе неге кәсіп ашпасқа?! Мұндай жандарға бүгінде мемлекеттің көрсетіп отырған көмегі зор. Осындай мүмкіндікті пайдаланған жанның бірі Шымкент қаласының тұрғыны - Диана Жайлаубаева. Ол  кесте тігу өнерін жетік меңгерген қолөнер шебері. Ісмер ұлттық нақыш пен заманауи үлгіде қолөнер бұйымдарын әзірлеп, кесте тігеді және ою-өрнектерімен әшекелейді. 

Осы уақытқа дейін бас киім, сөмкелер және тағы да басқа дүниелерін әлеуметтік желі парақшасы арқылы ұсынып келген. Өз кәсібін одан әрі дамыту мақсатында ол мемлекеттің қолдауына жүгінді. 

Ісмер қалалық жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп, қосымша «Бастау бизнес» оқу курсын тәмамдайды. 

«Қолөнер бұйымдарын жасау ісі» бойынша қайтарымсыз грантқа өтінімін білдіріп, комиссияның шешімімен құжаттары мақұлданған. Нәтижесінде 200 АЕК(555 650 тг) көлемінде мемлекеттік грант жеңіп алды.

Д. Жайлаубаева «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша берілген қайтарымсыз грант қаражатына тігін машиналары, манекендер мен тағы да басқа қажетті материалдарды сатып алып, қолөнер студиясын ашқан.

Қазіргі таңда бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр. Үш баланың анасы бұл жетістігімен шектелмей, алдағы уақытта қолөнер шеберханасын дамыту жоспарлары көп екендігін айтады.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер