Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімі Ювеналдық полиция қызметкері полиция майоры Нұркен Құрамысов №113 орта мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарымен кездесу өткізді. Онда жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу жəне құқықтық сауаттылықты арттыру тақырыбы сөз болды.
«Кездесуде жастар арасында әлімжеттік пен құқық бұзушылықтын алдын алу, «Кәмілетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу», білім алушылар арасында жаман әдетке үйір болмау, ішкі тәртіпке бой ұсыну, сабақтан кешікпеу, сабақтан қалмау, темекі, ішімдік сияқты заттардан аулақ болу, бір-біріне үстемдік жасамау сияқты жаман әдеттердің алдын алу тақырыбында әңгіме жүргіздік»,- дейді полиция майоры Нұркен Құрамысов.
Полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында үнемі жедел-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырып тұрады. Іс-шара барысында балаларды түнгі уақытта көшеде немесе қоғамдық орындарда жүру ережелері, жолда өзін ұстау мәселелері талқыланады. Жасөспірімдерді бос уақытында спорттық іс-шараларға баулу және олардың уақытын тиімді пайдалану бойынша кеңес береді.