246 мүгедек жұмысқа орналасты

Screenshot_25.png

Шымкентте жыл басынан бері 246 мүмкіндігі шектеулі азамат «Еңбек» бағдарламасының белсенді іс-шараларына қатысты. Оның ішінде 171 адам уақытша жұмыспен қамтылса, мүгедектігі бар 73 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды. «Бизнес бастау» кәсіпкерлік негіздері оқыту курсына 2 адам жолданған.

Гүлзира Молдашеваны 30 жылдан бері буын аурулары мазалайды. Қарағанды музыкалық училищесінде музыкалық білім алған. Бүгінде 2 топ мүгедегі. Дегенмен денсаулығында ақауды көңіліне қаяу санамайды. Өмірге құштар азаматша еңбектен ешқашан қол үзген емес. 2016 жылы Шымкентке қоныс аударып, 2 жылдан бері «Шапағат» оңалту орталығында өзі секілді ерекше күтімді қажет ететін жандарға вокалдан дәріс беріп, өнерге баулиды. Жоғары білімін де одан әрі жетілдіріп алды.

 «Мен жұмыспен қамту орталығына 2016 жылы көшіп келген соң тіркелдім. Олар 2019 жылы маған осындағы жұмысты ұсынды. Бірнеше тапсырма болды. Мен бәрінен сүрінбедім. Осы орталық ашылғалы осында қызмет етемін. Мүгедектігіме байланысты жәрдемақы аламын. Әлеуметтік такси мені күнделікті тасымалдайды»,- дейді Гүлзира Молдашева .

Қамкөңіл жандар жеке кәсіптерін ашып, еңбектенуге деген құлшыныстарын да көрсете білді. 3 адам шағын несие және 29 азамат  мемлекеттік грант алған.  100 адам «Бастау бизнес» оқу курсынан өтті. Жалпы, жыл соңына дейін 712 мүмкіндігі шектеулі азаматты жұмыспен қамту жоспарлануда. Айта кетейік, «Шапағат» оңалту орталығында Гүлзира секілді мүмкіндігі шектеулі біршама қызметкер бар.

Шымкентте былтыр мүгедектігі бар 1071 адам «Еңбек» бағдарламасының шараларына қатысқан. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарында 153 адам оқытылып, тұрақты жұмысқа 509 адам орналастырылған. Әлеуметтік жұмыс, жастар практикасы мен ақылы қоғамдық жұмыспен уақытша жұмыс орындарына 277  азамат жолданған.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер