Тұрақты жұмысқа бір қадам

Screenshot_10.png

«Жастар практикасы» мемлекеттік бағдарламасының шарапатын сезінгендер көп. Қалалық жұмыспен қамту орталығы жыл басынан бері 600-дей азаматты нақ осы бағыт бойынша жұмысқа орналастырды. 6 ай мерзімге жұмысқа жолданған жастар ай сайын 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде еңбекақы алып отыр.

 «Жастар практикасы» арқылы тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алған жастардың бірі – Амангүл Орынбасарова. Ол 2020 жылы Шымкент қаласындағы «Экономика» колледжінде «есепші» мамандығы бойынша білім алған. Биыл қаңтар айында жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп, орталық мамандары өз мамандығы бойынша бірнеше жұмыс орнын ұсынды. Нәтижесінде, жас маман қаладағы «Диагностикалық орталық»  мекемесіне бағдарлама аясында жолданды.

«Диагностикалық орталықта жұмыс істеп жатқаныма  бес айдай уақыт болды. Мұнда жұмыспен қатар тәжірибе жинақтап жатырмын. Тәжірибем біткен соң осында тұрақты жұмысқа орналасуды қалаймын», - дейді жас маман

Амангүл Орынбасарова. 

Өткен жылы  қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 3 мыңға жуық қала жастары түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жолданды. Ал, биыл 2500 жасты жұмыспен қамту жоспарланса, қазіргі таңда 600-ден аса жасқа медициналық, педагогикалық және техникалық мамандықтары бойынша  жолдама берілді.

«Бағдарламаға қатысушы жастың диплом алғанына 3 жылдан аспауы қажет. Міндетті түрде Шымкент қаласының тұрғыны болуы шарт»,-  дейді Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының  бөлім  басшысы Дария Ордабаева.

Жастар практикасына бір рет қатысқан азаматқа екінші рет жолдама берілмейді.  Ал, жыл соңына дейін бұл бағыт бойынша 2500 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер