Қарттар - қазынамыз

Screenshot_18.png

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» іс-шаралар жоспарын бекіткен болатын. Құжат ҚР-ның 2030 жылға дейінгі әлеуметтік даму тұжырымдамасын және Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде әзірленген. Онда әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі қарттардың өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады. 

Бағдарламаға сәйкес Шымкент қаласында зейнеткерлерге арналған «Асыл жүрек» әлеуметтік – медициналық орталығы жұмыс істейді. Орталықтың күн тәртібі дәрігерлік тексеруден басталады. Қарияларға қызмет көрсету үшін жоғары және бірінші санатты дәрігер кардиолог, терапевт, невропатолог және физиотерапевт дәрігерлері жұмылдырылған. Таяудан бастап мекемеде физиотерапия кабинеті ашылып, көпфункционалды «Полимаг» қондырғысы іске қосылды. Мамандардың айтуынша, бірнеше сырқаттарға таптырмас емдік қасиеті бар бұл медициналық аппарат әсіресе коронавирус инфекциясы мен пневмониядан кейінгі асқынулармен күресте әсері зор. Есесіне қан айналымын жақсартып, сұйылтады. Орталықтың басшылығы атқарылып жатқан осы және өзге де жұмыстар жайында мұнда арнайы тексеру шарасымен келген тәуелсіз комиссия мүшелері мен қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековке таныстырды. 

-«Асыл жүрек» әлеуметтік-медициналық орталығы қарияларға тәуліктің күндізгі уақытында 4 сағат уақытқа тегін арнаулы әлеуметтік және медициналық қызметтерді көрсетеді. Бүгінде бір топта 30 адамға дейін 2 ауысымда қызмет көрсетілуде. Карантин талаптарына сәйкес күндізгі стационар негізінде жасақталған орталықта 65 жасқа дейінгі зейнеткерлер қамтылған. Қызмет алушыларға фито-бар бөлімінде жүрек, асқазан, бауыр, бүйрек құрылысына арналған емдік шәйлар беріледі. Сондай-ақ тұз кешенінің қызмет алушылардың ағзасына пайдасы зор. Атап айтар болсақ: бронхит, бронхиалды астма(демікпе), аллергиялық ринит сырқаттарына көмегі орасан,- дейді «Асыл жүрек» әлеуметтік – медициналық орталығының директоры Мауия Алданазарова.

Әлеуметтік – медициналық орталықта емдік денешынықтырудан бастап йога, би, бильярд, үстел теннисі, тренажерлық жаттығулар да қарастырылған. Күн тәртібіне сәйкес осы жаттығулардың арасында компьютерлік сауаттылық және қазақ, ағылшын тілін үйрету курстары өткізіледі. Қызмет алушылардың кино, сенсорлық бөлме, кітапханада демалуға да мүмкіншіліктері бар. Психолог маманынан кеңес алып, психологиялық тренингтерге қатыса алады. Белсенді өмір сүру ұзақтығын қалыптастыру мақсатында дендросаябаққа, театр және спорт кешені мен бассейнге бару кестесі түзілген.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер