Тәуелсіздікті толғаған кеш

Screenshot_25.png

Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – «Жұлдызды 30 күн» жобасы аясында жақында «Тәуелсіздік және ұлттық рух» атты ашық есік күні өтті.  Мерекелік іс-шараға арнайы көрме ұйымдастырылып, мерекеге сай безендендірулер жүргізілді. Іс – шараға арнайы зиялы қауым өкілдері Б. Тіленшина, С.Олжабай, А.Бейбітбек, А.Мұратәлиева қатысып, Тәуелсіздік туралы өз ой-толғаныстарымен бөлісті.Сондай-ақ «Парасат», «Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжі,Ө.Жолдасбеков атындағы №9 лицей, Ақпан батыр атындағы №10 мектеп оқушылары және «Алтын дән» балабақша бүлдіршіндері кешті жандандырып, Тәуелсіздікке жыр-шашуларын тарту етті. Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн. Елдің еркіндігін аңсау бар, оған жету бар және оны ұстап қалу деген жауапкершілік бар. Үш түрлі кезеңнің үш түрлі тарихы бар. Біз дәл осы кезеңнің үшіншісіндеміз. Яғни, келешекке бастаушы, келешекті жасаушы ұрпақпыз. Ендеше қолда бар алтынның қадірін білу оны келесі бір дәуірге аманаттау және жеткізу – мойнымыздағы парыз.

   Кеш тізгінін ұстаған кітапханашы Қ.Елекееваның жан тебірентерлік әндері, қос бүлдіршін Ермаханбет Нұрайлым мен Інжудің, «Алтын ғасыр» дуэті,М.Жаңбыровтың саксафондағы әуендері кеш қонақтарына керемет мерекелік көңіл-күй сыйлады.

   Кешті қорытындылаған кітапхана директоры Раушан Бабажанқызы  Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, белсенді ұстаздар мен  оқушыларды алғыс хатпен марапаттады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер