Үшінші мегаполистің тәуелсіз мемлекеттер достастығының мәдени астанасы мәртебесіне орай рухани-мәдени іс-шаралар ұйымдастырып, қаланың көркін тамашалауға келген қонақтарға туристік орындарды аралату мақсатында жұмыстар атқарылып жатыр. Туристік нысандарға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде QR – төлқұжаттар орналастырылуда.
QR – бұл мобильді телефонның камерасы арқылы жылдам тану үшін ақпарат беретін, екі өлшемді штрих-код. «Шымкент ТМД елдерінің 2020 жылғы мәдени астанасы» жобасы аясында қалаға келген қонақтар осы QR – төлқұжаттары арқылы тиісті орындар туралы ақпаттар алу жеңілдей түспек. Камерасы бар ұялы телефонды аласыз, кодты сканерлеу үшін бағдарламаны іске қосасыз, камераны кодқа әкелесіз де, ақпаратты аласыз!
Бүгіннің өзінде 20 нысанға қойылып, енді қалған 10-ы жоспарда тұр. Аталмыш төлқұжатқа аудиогидтер жазылып, «IZI travel» халықаралық туристік платформасымен интеграцияланған.
Сонымен қатар, ақпараттық навигациялық стелла - бұл шағын көлемді құрылым, аталған навигациялық стелла халықтың назарын аудартады және жақын орналасқан объектілер туралы ақпарат көзі ретінде қызмет етеді. Ағымдағы жылдың мамыр айының басына дейін Шымкент қаласының аумағында, туристер көп шоғырланған жерлерде 30 стелла орнату жоспарлануда. Бұл қалаға келген қонақтардың үшінші мегаполисті кеңінен аралауына, тынысымен танысуына керемет мүмкіндік.