Шымкенттің көркеюіне оқушылар да ат салысады

Screenshot_9.jpg

Үшінші мегаполисте мектеп көшбасшылары бір арнаға тоғысып, бір толқында жұмыс істейді. Үздіктер мен лидерлердің басын біріктіріп, терең білім мен тың идеялармен бөлісу үшін «Мектеп жастар лигасы» құрылды. «Болашақ жастардың қолында» демекші, мәдени астана Шымкенттің көркейе түсуіне оқушылар да ат салысатын болды.

Жаңа форматта жүзеге асатын жоба оқушылардың өзін-өзі басқаруына жол ашады. Лиганың мақсаты оқушылардың түрлі салаларда дамуын қамтамасыз ету, мектеп жасындағы өзін-өзі басқару ұйымдары көшбасшыларының басын бір ортаға жұмылдыру. Сондай-ақ оқушылардың мәдениетін дамытуға, спортқа деген ұмтылысын арттыруға, білімін жетелеуге, бос уақытын дұрыс пайдалануға бағытталған заң аясында іс-шараларды ұйымдастыру екен.

«Мектеп жастар лигасы» 14-18 жас аралығындағы кез-келген оқушы мүше бола алады. Солардың бірі – Ердәулет Нұрман. Оның бұл жобаға келудегі мақсаты өзі секілді көшбасшылармен жұмыс істеп, жүйріктер арасында өзін дамытқысы келеді. «Әлеуметтік жобаларда, қоғамда болып жатқан мәселелерді құрылған ұйыммен бірге шешкім келеді. Менің жолым – әлеуметтік- экологиялық жол болып саналады. Өзімнің идеямды айтқым келеді. Бізде қатысушылар өздеріне бір қап алады. Берілген белгілі нысанның, алаңның айналысындағы қоқыстарды жинап ұпай жинайды»,- дейді Ердәулет. Жарыса жүріп, нәтижеге жеткісі келетін оқушының қаланың қоқыс пен лас дүниелерден таза болғанын қалайды.

Мектеп жастар лигасының мүшелері өз ұсыныстары мен ұйымдастыратын шараларын қалалық Жастар Ресурстық орталығына бағыттайды. Сондай-ақ, көшбасшы оқушылар түрлі тегін үйірмелер қарастырылады. Олар: Шахмат клубы, Дебат клубы, Жас журналистер клубы, Жас оқырмандар клубы, Театр үйірмесі, Волонтерлар клубы, Жас жайдарманшылар клубы, Киберспорт, Футбол лигасы, Баскетбол лигасы, Черлидинг клубы. Ашылу салтанатына жиналған белсенді оқушылар лига қатарына тіркеліп, көшбасшылық қабілеттерін жетілдіруге тырысатындарын айтып тарқасты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер