Туристік ақпараттық дүңгіршектер ашылады

Қазіргі таңда үшінші мегаполистегі іс-шаралардың мақсаты мен маңызы тікелей «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» мәртебесі берілуімен байланысты болып отыр. Осы орайда қалада туризмдік бірқатар нысандар ашылып, мәдени астанаға арнайы ат басын бұратын шетелдік және еліміздің өзге де қалаларынан келетін қонақтарға қолайлы да жайлы жағдай жасау көзделуде. 

Рисунок1.jpg

 «Біз қазіргі таңда информациялық дүңгіршектер ашуды жоспарлаудамыз. Негізі бұрын эскизін бекіткенбіз. Бұл туристік дүңгіршекті орнатудағы мақсатымыз – қалаға келген қонақтарға туристік ақпарат беруге көмектесетін арнайы орындарды дайындау», - дейді Шымкент қалалық туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Қалқабаев. 

Шымкент қаласының туризм басқармасының жоспары бойынша алдағы уақытта қала аумағында 5 туристік ақпараттық дүңгіршек орналастырылады. Ақпараттық дүңгіршектердің басты міндеті  –      Шымкент қаласы мен оның туристік әлеуеті туралы ақпаратты қалыптастыру, тарату, методикалық және консультативтік көмек көрсету, туристік өнімді мемлекет ішінде ұсыну болып табылады. Және Түркістан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасымен Шымкент әуежайында, теміржол вокзалында ақпараттық дүңгіршектерді бірлесіп пайдалану, жарнамалық материалдарды ортақ тарату туралы келісімге қол жеткізілді. Оның ішінде, дүңгіршектердің ортақ дизайны, жаңаша бейнесі дайындалды. 

Рисунок2.jpg

Сонымен қатар, Түркістан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасымен Шымкент әуежайында және теміржол вокзалында ақпараттық дүңгіршектерді бірлесіп пайдалану және жарнамалық материалдарды ортақ тарату туралы ауызша келісімге қол жеткізілді. Оның ішінде, дүңгіршектердің ортақ дизайны (жаңаша бейнесі) дайындалды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Қазақ дастарханы» челленджі бастау алды
  • «Жүрек жылуы» Рамазанда мұқтаж отбасыларға көмектесті
  • Байқаулар мен онлайн іс-шаралар көрерменге жол тартуда
  • Салт-дәстүр орталығының онлайн дәрістері мәдени астананы танытуда
  • Отырар кітапханасы онлайн қолөнер сабағын өткізді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер