«Жүрек жылуы» Рамазанда мұқтаж отбасыларға көмектесті

Screenshot_10.jpg

Рамазан – сауаптар көптеп жазылатын, ең қасиетті ай! Адамдар бұл айда ораза ұстап, ауыз бекіткендерге ауызашар жасап сауап мен амал жасайды. Бірақ биыл карантин режимін бұзбас үшін адамдар жаңа амалдарға көшті. Яғни, әкімшілік тараптан арнайы тізім алып сол бойынша мұқтаж, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға азық-түлік таратуда. Пайғамбарымыз былай дейді: «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген – ораза ұстаған адамның алатындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді». Міне, бұл да бір ауызашардың орнын басатын сауапты игі іс.

Бұл жолы «Шымкент» медресе-колледжінде «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы ұйымдастылды. Игі шарада «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат қажы Әсембай қасиетті Рамазан айымен құттықтап, діни басқарма тарапынан қолға алынған шараның маңыздылығына айрықша тоқталды. 

Қайырымдылық шара барысында медресе-колледждің 71 ұстазы мен қызметкеріне және қаладағы көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі 150 отбасыға азық-түлік заттары таратылды. Олар үй-үйді аралап, ата-аналарға әлеуметтік көмекті өз қолдарымен табыстады.

Айта кетсек, аталмыш қайырымдылық шараға «Шымкент медресе» колледжі мен Қазақстандық «Қазақ Түрік» жастарды қолдау қоғамдық қоры тарапынан қаржылай қолдауға ие болды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер