Балалар фольклоры - тәрбие негізі

Screenshot_24.png

Шымкент қаласындағы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында Қызылжар мөлтек ауданындағы «Ақ жол» бала-бақшасымен бірлесе отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтың негізгі өзегі баланың санасын ояту, бала – бақша тәрбиеленушілеріне ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында «Балалар фольклоры – тәрбие негізі» атты іс-шара өткізді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы аясында өткен тәрбие сағаты отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтың негізгі өзегі баланың санасын ояту, бала – бақша және мектеп оқушыларына ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында балалар сәбилік салт – жырлары қуырмаш, санамақ, тұсау кесу, тәй – тәй, тәмсілдер, нақыл, өсиет және қанатты сөздер, мақал – мәтел, жұмбақ, жаңылытпаштар айтып жарысты. Бұл ойындар балалардың абстаркциялық ойлау жүйесін байыту, сонымен қоса түсті (ақ, қара) жақсы ажыратуды меңгерту, бояулар үндестігін, құрақша құрастыру, ағаш конструкцияны түсіне қарап құрастыру, талғамын ерте қалыптастыруда маңызы зор. 

Ұлтымыздың ұлттық құндылықтарын, өмір салтымызды заманға сай одан әрі насихаттау, байыту, оны бүгінгі жастардың санасына қалыптастыру қажет. Орталық директоры м.а. Райхан Сапарқызы игі шараның маңыздылығына тоқталып, үлес қосқан мектептерге арнайы алғыс хат пен сый-сияпат табыстады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер