Байқаулар мен онлайн іс-шаралар көрерменге жол тартуда

Screenshot_9.jpg

Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты 18 мекеме бар. Негізгі қызметі – қала мәдениетін қалыптастыру. Был ТМД елдерінің 2020 жылғы мәдени астанасы атанған үшінші мегаполистегі мәдени іс-шаралар туралы Рашид Мыңбаев мәлімдеме жасаған еді.  

«Өздеріңізге белгілі 2020 жыл Шымкент қаласы ТМД елдерінің мәдени астанасы болып бекітілген. Және осы іс-шаралар бойынша көптеген жұмыстарды жоспарлаған болатынбыз. Президенттің жарлығына сәйкес карантин режиміне орай олардың барлығы кейінге шегеріліп тұр. Осы кезде қала тұрғындары өзінің пәтерлерінде, үйлерінде мәдениет тұрғысынан даму мақсатында біз іс-шараларымызды онлайн режимде өткізуді жалғастырып жатырмыз. Қазір 8 апта болды осылай ұйымдастырып жатқанымызға. Әр аптаға онлайн шараларды жоспарлап, күнтізбесін түзіп, оны ақпарат құралдарында әлеуметтік желілерде жариялай отырып, өткізіп жатырмыз. Мысалы, 18- 24 мамыр аралығында 58 іс-шара жоспарлап отырмыз», - Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Рашид Мыңбаев.

Сонымен бірге тұрғындың өнерімен танысу мақсатында бірқатар онлайн байқаулар ұйымдастырылып жатыр. Біріншісі, «Жырым сенсің туған жер» сайысы үш бағыттан тұрады. Және эстарада әндері, поэзия оқу бойынша, терме айту жарыстарына да белсенді қатысушылар көп. «Жүйріктер шықты желіге» ақындар айтысы, «Ақ бата – 2020» сайысы Шымкентте ең ірі көлемде өтіп жатқан байқау болып саналады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер