Интерактивті тақталар мен туристік бүктемелер қонақтарға көмек береді

Шымкент қаласының туризм басқармасы қала аумағының қақпасы атанған және туристер көп шоғырланған аумақтарда интерактивті тақталар орнатты. Олар қаламыздың әуежолында, темір жол вокзалында және 2 қонақ үйде орналастырылды.Таблолардың басты функциясы – туристергер ақпарат беру болып табылады. Оның ишінде мамыр айының басына дейін, интерактивті карта мен 3D маршруттар іске қосылмақ. 

таааааабло.jpg

Және туристерге ақпараттық қолжетімділікті арттыру үшін басқарма  тарапынан бірқатар жарнамалық ақпараттық материалдар шығарылуда. Атап айтқанда, «Шымкент 24 сағатта», «Шымкент. Тарих ізімен», «Балаларға арналған Шымкент» тақырыбында 60 мың бүктеме шықты. Бұл қаланың қыр-сырымен танысуға арналған құрал іспетті.

Сонымен қатар, 77 мыңнан астам туристік карталар, «Шымкенттегі үлкен экскурсия» 350 кітапшасы шығарылды. Туристік бүктемелер қалада орналасқан бірқатар қонақүйлерге орналастырылды, оның ішінде «Rixos Khadisha Shymkent», «Canvas Shymkent»,«Megapolis», «Grand Shymkent Hotel» және «Kainar hotel» қонақүйлерінде орналастырылғанын айтып өтсек болады. 

Рисунок3.jpg

Шымкент қаласының әуежайында туристік ақпарат шығарылған  ақпараттық тұрақтар орналастырылды .  Оның ішінде Шымкент қаласы жайлы, туристерді қызықтыратын туристік бүкмелер мен карталар орналастырылды. Себебі, ТМД елдерінің 2020 жылғы мәдени астанасына өзге мемлекеттен немесе еліміздің түкпір-түкпірінен келген азаматтар қала туралы мәліметтерді аз білуі мүмкін. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер