«Туристік клуб» мамандарды дайындайды

шымкент.jpg

Шымкент қаласының мәдени астана мәртебесіне орай көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Солардың бірі – ағымдағы жылдың екінші жартысында ашылатын «Туристік клуб». Мұндағы мақсат – туризм мамандарын дайындау. 

Негізінде Жоғарғы оқу орындарында бұл мамандық бар болғанымен, теория жоғары қабілетті маман даярлауға жеткіліксіз. Ал тәжірибе жүзінде нағыз бәсекеге қабілетті өз саласының үздігі танылуы мүмкін. Осы клуб арқылы жас туризм мамандары білімін жетілдіріп, жоғары деңгейде туристерге көмектесе алады.

 «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жобасы аясында келген қонақтарға сапалы қызмет көрсету маңызды болып отыр. «Туристік клубқа» келген әр адам қалаға келуші қонақтарға өте сапалы қызмет көрсетеді деген жоспар бар. Әрбір іс алдын-ала дайындықты қажет ететіндіктен бұл да бір туризм басқармасының кезекті үлкен нәтиже күтетін жобасы. 

Туристік индустрия өкілдеріне біліктілікті арттыру тренингтері ұйымдастырылып, ақпан айында гид-экскурсоводтарына арнайы оқыту жұмыстары жүргізілген болатын. Алдағы уақытта отельдерге, менеджерлерге және өзге де қызмет көрсету мамандарына оқыту жұмыстары жүргізілмек. Қалаға сырттан келген қонаққа көрсетілген қызмет жақсы болса, оны келесі жолы үшінші мегаполиске тағы келуіне себеп болады. Қонақты жылы қабақпен ғана қарсы алу жеткіліксіз, сондай-ақ, дұрыс қызмет жасау керек. Ал шымкенттік мамандар алдағы іс-шараларға қазірден бастап дайындалып жатыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер