«Қаланы жасыл желекке айналдырамыз»

Screenshot_12.jpg

Шымкент мұнай зауыты іргелес жатқан  Қарабастау  елді мекеніне 500 көшет отырғызды.

Кәсіпорын басшылығы «акция бір реттік емес, тұрақты түрде өтіп тұрады, мыңнан астам түп ағаш күзде отырғызылады» дейді. Бұл жаңғыртудан өткен зауыттың жұмысымен танысқан ауыл азаматтарының өтініші бойынша жүзеге асқан бастама.

Қарабастау ауылының тұрғын Олжабай Сүйерқұлов мұнай өңдеу зауытының қызметкерлеріне риза. Олардың көмегімен туған ауылында 500 түп ағаш отырғызылып жатыр. Көшетті кәсіпорын басшылығы алдын ала сатып алған. Ақсақал бұл бастаманы бүкіл Шымкент қаласының тұрғындары қолдайды деген сенімде.

Белсенділердің арасында еңбекті қорғау, қауіпсіздік және экология департаментінің мамандары да бар. Жас көшеттер жерсініп, болашақта жайқалып өсуіне олар да өз үлесін қосып жүр. Жасыл желек ауыл тұрғындарына самалды сая сыйлап қана қоймай, қоршаған ортаға да оң әсерін тигізеді дейді.

Нұрлан Досымбеков, «ПетроКазахстанОйлПродактс» ЖШС-і еңбекті қорғау, қауіпсіздік және экология департаментінің директоры: «Әкімшілік бізге жер телімін бөлді. Біз бұл жолы 500 түп көшет отырғыздық. Келісім бойынша жергілікті билік олардың күтімін өз мойнына алады».

«Қаланы жасыл желекке  айналдырамыз» атты акциясы  алдағы уақытта да жалғасатын болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер