Ақынның өмірінен сыр шертті

Screenshot_1.png

Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі Жамбыл Жабаевтың туғанына биыл 175 жыл. Осы атаулы датаға орай және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Qizzies интеллектуалды сайысы өтті.

Шараның басты мақсаты студенттерге ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасау арқылы жеке тұлғасын танытуды, ақын шығармашылығына деген қызығушылықты оятып, рухани танымдарын кеңейтуді, сонымен қатар, туған халқының талантты ақынына, әдебиетіне, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу. Аталмыш сайыс карантиндік режимді сақтай отырып, өткізілді.

Сайысқа «Жол көлік» колледжінің 1 курс студенттері қатысты.  Тартысты өткен сайыс барысында Жамбыл  атамыздың өмірі мен шығармашылығынан алынған сұрақтарға жауап беріп, домбырамен жырлар төгілді. Сонымен қатар ақынның  өлеңдерінен мәнерлеп оқу айдарында студенттер өз өнерін ортаға салды. 

Жамбыл Жабаевтың шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Ол КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Жыршы 1945 жылдың 22 маусымында 99 жасында дүние салды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер