Мәдени астананың келбеті көркеюде

Screenshot_2.jpg

Ұлы Жібек жолының  бойындағы сауда-саттығы мен мәдениеті дамыған, 2200 жылдық тарихы бар Шымкенттің ТМД елдері арасындағы ынтымақтастықты көздейтін «Достықтың мәдени астанасы» мәртебесіне ие болғаны мәлім.  Жалпы бұл бағдар¬лама, ең алдымен, ТМД елдері арасындағы мәдени байланыстарды кеңейтуге, экономикалық ынтымақ¬тастықтың негізін қалауға, халықаралық аренада Достастықтың мәртебесін көтеруге бағытталған. «Осыған орай, тарихы тереңде жатқан көне шаһардың көркін жаңғырту бағытында бірқатар игі бастамалар қолға алынды. Шымкентте кәсіпкерлердің демеушілігімен 41 көпқабатты үйдің сырт келбеті жаңарды

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қаладағы Республика және Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан 41 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері 12 компанияның демеуімен жөндеуден өтті. Барлық үйлердің сырты заман талабына сай мәрмар тастармен қапталды.

Ертеректе салынған үйлердің сыртын жаңғырту жұмыстарына жергілікті «Отау-Строй», «А.Р.Т-Құрылыс», «Корпорация Ақ Ордасы», «Каз Медео Гранд», «Kanfar Building» «Шымкентстрой», «Югстройсервис-Н», «Dala-Сonstruction», «Бекстройсервис», «Лидер-НК», «Дани Нан», «Автогаз Трэйд» сынды инвестор үлес қосып, 41 үйдің сыртын толығымен жаңартты.

Сапалы құрылыс материалдарымен жаңартылған үйлердің жаңғырту жұмыстарына 10 компания жұмылса, 2 ұйым жөндеуге қажетті заттарды уақытылы жеткізіп, тұрғындардың ыстық ықыластарына бөленді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер