Туристік орталық ақпараттық қорын жаңартуда

Screenshot_32.png

«Shymkent Tourism Center» ақпараттық орталығы бүгінде қарқынды жұмыс істеуде. Туристерге қызмет көрсету барысында түрлі жобаларды қолға алып, Шымкент қаласында туризмді дамыту жұмыстарын жоғары деңгейге көтеріп отыр. Бүгінде шырайлы Шымқалаға сырттан келушілер бірден туристік орталықты іздейтін болған. Себебі қаладағы орталық жұмыстары туралы жаңалықтар насихатталуда. 

Сонымен қатар,  «Shymkent Tourism Center» ақпараттық орталығы қызметкерлері тәлімгер жастармен бірлесе түгендеу жұмыстарын бастады. Жас мамандар қаладаның көз тартатын ерекше жерлеріне сапарлап, қонақтар үшін қызық болатындай жерлерге сараптама жасап үлгерді.

Ауқымды жұмыстың нәтижесінде қала аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысандары, мейрамханалар, қонақ үйлер мен туристік нысандардың ұсынатын қызмет түрлері туралы мәліметтік қор жаңартылмақ.

Бұл өз кезігінде қаламызға келетін қонақтар мен туристерге қолайлы орта қалыптастыру әрі оларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту бағытында сараптама жасау үшін аса маңызды.

Жұмыс барысында арнайы анықтамалық парақшалар толтырылып, сала өкілдерімен өзара байланыс нығайту бойынша келіссөздер жүргізілуде. Бұл қаладағы ішкі туризмді дамыту туралы игі шаралар легінің бір бөлігі. Бұдан өзге де іс-шаралар «Shymkent Tourism Center» ақпараттық орталығы көп болуда. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер