Асхат Аймағамбетов парақор директорлардың бар екенін айтты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елдегі мектеп директорларының пара алатынын мойындады. Бас педагог орта білім мекемелерінің басшылары әсіресе қоластына мұғалімдерді қабылдағанда экономикалық қылмысқа барады дейді. Бұл "шындықты бәріміз білеміз" деген министр, өзі жауапты саладағы осындай былықтарды заң нормаларымен шешуге тырысқанын да айтты. Яғни, жаңа мұғалімді жұмысқа аларда мектеп басшысы онымен бұрынғыдай тікелей кездеспейді. Алдымен конкурс жарияланып, үміткерге қойылатын талаптар жазылмақ. Егер маман сай келсе, комиссия оны ұстаздыққа алу-алмау туралы соңғы шешім шығарады.  Бұл туралы «Еуразия» бірірінші арнасы хабарлайды.

Screenshot_2.jpg

"Әртүрлі алып-қашпа сөз бар, бірақ оны алып-қашпа сөз дейміз бе, келісеміз бе, келіспейміз бе, шындықты бәріміз білеміз. Өмірде қандай жағдайлар болып жатқанын көріп жүрміз, сондықтан, ондай мәселелердің, тәуекелдердің барын мойындауымыз керек және біз оны білеміз. Және оны білеміз", - дейді Асхат Аймағамбетов.

Асхат Аймағамбетов ондаған жылдар бойы бір орында тапжылай отыратын мектеп басшылары туралы да айтты. Министр қанша толқын ауысса да шаршамастан білім ордасында өктемдік жүргізуге үйреніп қалған директорлар облыстағы әріптесінің орнына жіберілуі мүмкін деді. Ауыс-түйіс жайы қазір арнайы ортада талқыланып жатқан көрінеді. Егер ол мақұлданса, ескіден келе жатқан мамандар жылы орнын басқа мектепке ауыстыруға дайын болуы керек.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер