Туристі тартуда әр қаланың өз ерекшелігі бар

Screenshot_6.jpg

Туризм саласы - пайдасы көл-көсір салалардың бірі. Көптеген мемлекеттер туризм арқылы бүкіл халқын асырап, түрлі әлеуметтік-кәсіпкерлік нысандарын дамытып отыр. Тіпті жалғыз туризм саласы арқылы бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылғандар аз емес. Сондықтан да туризм саласы әрқашан өзіне назар аударуды, көңіл бөлуді қажет етеді. Туризм саласын дамыту үшін сол саланың мамандары өте білікті, білімді болғаны абзал. Олар әрқашан білімдерін жетілдіріп, қазіргі заманғы трендті меңгеріп, құлағдар болып отырғаны жөн.

Осы орайда бүгін елорда - Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті «Kazakh  Tourism» ҰҚ АҚ және «Қалалық туризмді дамыту орталығы» ЗТБ-мен бірлесіп, қалалық туризмді дамыту бойынша зерттеу жүргізу шеңберінде «Қалалық туризм: трендтер,мүмкіндіктер мен сын-қатерлер» тақырыбында семинар өтті.  

Маңызды шараға «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы басшысының орынбасары Е.Умаров және орталық менеджері Л.Әлиханов қатысты. Шара барысында олар өзге өңірден келген әріптестерінен тиісті ақпараттарды алып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Әр қала өз менталитетіне сәйкес туристерді таң қалдыру, жақсы әсер сыйлау туралы кейстерімен бөлісті. Туризмды дамыту әдістері барлық қалаға бірдей жүрмейтіні, әр қала өз артықшылықтарын пайдаланып, соны жетілдіру қажеттігі айтылды. Мысалы Шымкент қаласы шетелден келетін туристерді Шығыс стиліне тән ғимараттарымен, азық-түліктерімен, тамақтарымен тәнті ете алады. Олар туристерге түрлі демалу әдістерін ұсынып, далаға, тауға турға алып шыға алады. Ал Қарағындыда бұл әдіс өтпейді. Олар туристерді Кеңес Одағынан қалған зауыттармен, шахталармен, түрлі өндіріс орындарымен қызықтырып, оларға ностальгиялық яки таңданыс сезімдерін тудырып, жағымды әсер қалдыра алады.

Форум барысында барлық қала өз әдістерімен бөлісті. Алдағы уақытта мұндай жиындар жиі болып тұрады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер