Қазақстан достықтың киелі мекені» атты тақырыпта ашық сабақ өтті

Screenshot_5.jpg

Шымкен қаласы Әл-Фараби ауданы жастар орталығының қолдауымен «Шымкент көпсалалы» колледжі мекемесінде  ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, қала әкімдігі ұйымдастырып жатқан «Жұлдызды 30 күн» жоспарына сәйкес, «Қазақстан-достықтың киелі мекені» тақырыбында студенттер арасында ашық сабақ өткізілді. Бұл іс-шараның маңызы өте зор. Қазақстан тәуелсіздігін алған 30 жыл ішінде көпвекторлы саясат ұстанып, өзге мемлекет, өзге ұлт, өзге этнос өкілдерімен тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді. Ұлттар арасындағы дүрдараздыққа жол берілмей келеді. 100-ден аса ұлт өкілі Қазақстанда бір тудың астында бейбіт өмір сүруде. Осылайша Қазақстан өзге мемлекеттерге үлгі көрсетіп, достықты насихаттауда.  

Бұл ашық сабақтың мақсаты - білім алушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары екендігін терең ұғындыру. Патриоттық, отансүйгіштік сезімін дамыта отырып, ел бейбітшілігін сақтау жолында үлес қосуға баулу болды. Ашық сабаққа қатысқан колледж ұжымы Тәуелсіздік туралы ой қозғап, оның бағасы зор екенін айтты. Алдағы уақытта тәуелсіздікті өскелең ұрпаққа насихаттап, оны әрқашан бағалау керектігін мәлімдеді. Ашық сабақ жемісті өтіп, берер нәтижесі зор болды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Шымкенттегі университетте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды
  • Шымкентте қараусыз қалған 92 жастағы тыл ардагері ауыр халде жабық пәтерден табылды
  • Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосы жарияланды
  • Шымкенттік тұрғын 120 тонналық вагондарды сүйреп, рекорд жасады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер