Желтоқсан жаңғырығы» патриоттық әндер байқауы өтті

Screenshot_6.jpg

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Желтоқсан жаңғырығы» патриоттық әлеуметтік жобасы аясында 1986 жылғы желтоқсан қатысушыларына арналған патриоттық әндер байқауы өтті. 

Мақсаты жас ұрпақты қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу және патриоттық шығармалардың отандық авторларына атаулы қолдау көрсету, репертуарды патриоттық тақырыптағы жаңа музыкалық шығармалармен толықтыру, қазақстандық ән туындыларының бәсекелестік әлеуетін арттыру болып табылады.

Шымкент қаласының 16-29 жас аралығындағы 15 жас таланттары бақтарын сынаған байқау 2 кезеңнен тұрып, бірінші кезеңде қатысушылар патриоттық ән орындаса, ал екінші кезеңде еркін тақырыпта ән орындады. 

Жеңімпаздарды анықтау үшін Шымкент қалалық мәдениет үйінің әртістері Ө. Бөріханов, Ә. Маукенова және Х-фактор жобасының жеңімпазы А. Қарғабай әділ-қазылық жасап, нәтижесі бойынша жүлделі 1 орынды - Ораз Нышанбаев пен Фархад Бақытұлы, 2 орынды – Саз колледжінің студенті Павел Ким қанжығасына байлап, ал 3 орынды - Жандос Әшірбек иеленді. 

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен ұйымдастыру тарапынан дипломдар және қатысушыларға арнап арнайы алғыс хаттар табыстады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қолжетімді баға, сапалы өнім: Шымкенттегі сенбілік жәрмеңкелер өтуде
  • Рухы мықты жандардың энергиясы: Шымкентте IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті
  • Тоқаев ел жастарына: «Сіздерге отанымыздың тағдырына қатысыңыз бар екенін білдіретін орайлы мүмкінді
  • Қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам
  • ОРК референдум алдында үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынатынын еске салды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер