Полицейлер үш бірдей алаяқтық қылмысына қатысы бар күдіктіні анықтады

Screenshot_17.jpg

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне үш бірдей жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші азаматтың бірі өз арызында тұрғылықты үйіне белгісіз біреу келіп, газ құбырын кіргізіп беремін деп сеніміне кіргенін жеткізді. Ол үшін ақыға 186 000 теңге ақшасын алып кеткен. Алайда, уәде орындалмай жарты жылға жуық уақыт өтеді. Ал қалған екі жәбірленушінің тұрғылықты мекенжайына белгісіз ер адам келіп,  үйіне кіргізілген табиғи газға қатысты заңды құжат жасап беремін деп, біреуінен 71 500 теңге, екіншісінен  75 000 теңгесін алып кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті ретінде жергілікті тұрғын жас жігіт ұсталды. Ол жәбірленушілерден алған ақшасын бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Тексеру кезінде оның бұдан алдын да ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты алаяқтық бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Облыс полицейлері тұрғындарға барынша қырағы болып, алаяқтарға алданбауға шақырады! Сондай-ақ есте сақтаңыз, сіз ешкімге жеке басыңызға қатысты мәліметті беруге немесе айтуға міндетті емессіз! Әрбір мәселені тек заң шеңберінде шешуге дағдыланыңыз! 

Түркістан облысы  ПД  баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте үшінші жүрек трансплантациясы жасалды
  • Шымкентте үш өндіріс орны іске қосылды
  • Шымкент әкімдігі «Той Думан» фестиваліне 300 млн теңге бөлгені рас па
  • Руслан Берденовті атқан күдіктінің әйелі алғаш рет мәлімдеме жасады
  • Шымкентте «Қиял әлемі» саябағы бұзылуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер