Полицейлер 14 жайт мал ұрлығына қатысы бар қылмыстық топты құрықтады

Screenshot_18.jpg

Түркістан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері мал ұрлықтарын ашу мен болдырмау мақсатында жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Осындай кезекті жедел іздестіру шаралары кезінде, Келес ауданында бірнеше жайт мал ұрлығын  жасаған қылмыстық топ ұсталды. 

Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Сахов брифинг барысында толығырақ айтып берді: «Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, 3 бас сиырының жайылымнан ұрланғаны бойынша шағым түсірген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алынды.

Хабарлама алысымен Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы мен келестік тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобын құрдық. Тәжірибеге сүйене отырып, ұрылардың ізіне түсу үшін шұғыл және жоспарланған әрекеттерді жүзеге асырдық. Мал жайылымдарына шығып, тиянақты тексерулерді ұйымдастырдық. Көрген-білгендерден жауап алып, жан-жақты сұрастыру жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесінде күдікті ретінде жергілікті тұрғынның жеке басы анықталып, оны тұрғылықты мекенжайынан ұстадық.

Тексеру кезінде күдікті жас жігіттің, өзімен бірге мал ұрлығымен айналысқан, яғни қылмысты ұйымдастырушы тағы бір күдікті мен ұрланған малдарды сатып алушы сыбайластары бар екенін айтты. Осыдан соң қалған азаматтарды ұстау жұмыстарын жүргізіп, 6 бірдей күдіктіні қолға түсірдік. Яғни жалпы ұсталған 7 күдіктінің 4-еуі жергілікті тұрғын болса, қалған үшеуі Мақтаарал ауданының тұрғындары. Оның ішінде күдіктінің бірі бұрын сотты болған. Ал шығын көлемі 10 миллион теңгеден жоғары. Тиянақты тексеру мен зерделеу барысында осы ұсталғандардың 14 жайт мал ұрлығына қатысы барын анықтадық. 

Белгілі болғандай, күдіктілер қылмыс жасау барысында өз рөлдерін алдын ала жоспар бойынша орындаған. Мысалы басты күдікті мал жайылымында қараусыз жүрген жылқы, сиырларды байқаған бойда, өзінің ұсақ малдарына қосып айдап әкетіп отырған. Содан сыбайласы екеуі ұрланған барлығы 28 үй жануарын сатып алушыларға, қасапшыға арзан бағада өткізген. Олар ұрлаған олжаларын «Газель» маркалы көлігімен тасымалдаған. Біз айғақты зат ретінде қылмыстық топтан «Газель» көлігі, 6 жылқы мен 2 сиырды тәркілеп алдық. Дәл қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталғандардың бұрын жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексерудеміз»-деп атап өтті полиция полковнигі Қ.Сахов.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер