Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды

Бүгін еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент қаласындағы «Достық үйінде» «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» фестивалі өтті. 

Screenshot_52.jpg

Жергілікті қолөнер шеберлері мен дизайнерлер дайындаған ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдардың көрмесі мен этно стильдік және заманауи сәндік киім үлгілерінің көрсетілімі жиналған жұртшылықтың көңілінен шықты. 

Қалалық ассамблея алаңында ұлттық мәдениетті дәріптеуді көздеген іс-шараға қатысқан Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова ұлт мәдениеті мен ұлттық құндылықтарды насихаттап жүрген қолөнер шеберлеріне алғыс айтты.  

– Біздің мақсат – ұлттық киім тігумен және ұлттық нақышта зергерлік бұйымдар жасаумен айналысатын шымкенттік шеберлердің, суретші-дизайнерлердің туындыларын дәртіптеу арқылы жалпыұлттық бірлік пен татулық құндылықтарын насихаттау, – деді басқарма басшысы.

Фестиваль барысында  қазақтың ұлттық киімдерінің  этно стильдік және заманауи үлгілері бойынша Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті жанындағы «Ақ баян» сән театрының топтамасы, А.Исмаилов атындағы кәсіптік колледждің топтамасы, Г.Еспай жетекшілік ететін «Ару аналар» топтамасы, №5 Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің топтамасы, Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің «Асыл мұра» топтамасы, Б.Жетібаева жетекшілік ететін «Асыл мұра» топтамасы және Орталық Азия инновациялық университетінің «Сән» топтамасы жұртшылық назарына ұсынды.

Өз кезегінде кәсіби мамандардан жасақталған қазылар алқасы фестиваль қорытындысы бойынша Ө.Жәнібеков атындағы ОҚМПУ жанындағы «Ақ баян» сән театры мен Бибіхадиша Жетібаева жетекшілік ететін «Асыл мұра» тобы ұсынған киім топтамаларын үздік деп таныды. Барлық қатысушылар арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. 

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясындағы  іс-шараның мақсаты –  ұлттық киім тігумен және ұлттық нақышта зергерлік бұйымдар жасаумен айналысатын қолөнер шеберлердің бұйымдарын дәріптеу арқылы өскелең жас буынды ұлттық рухта тәрбиелеу.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер