Шымкентте ардагерлерге 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне орай бір реттік қаржылай әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, ардагерлерге көрсетілетін көмек Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы №14/123-VIII шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Жеңіс күніне орай ардагерлерге мынадай көмек көрсетіледі:
ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 166 ардагерге берілетін көмек – 45 АЕК немесе 176 940 теңге. Қаралған жалпы сома – 29,4 млн теңге.
ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне берілетін көмек – 1272 АЕК немесе 5 001 504 теңге. Бұл көмек 2 адамды қамтиды, жалпы сома 10,0 млн теңге.
Тыл еңбеккерлері мен марапатталмаған ардагерлерге берілетін көмек – 15 АЕК немесе 58 980 теңге. Бұл топта 1586 адам бар, бөлінетін қаражат көлемі – 93,5 млн теңге.
ҰОС мүгедектерінің жесірлеріне берілетін көмек – 15 АЕК немесе 58 980 теңге. 70 адам, жалпы сома – 4,1 млн теңге.
Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 15 АЕК немесе 58 980 теңгеден беріледі. 170 адам, бөлінетін қаражат – 10,0 млн теңге.
Жалпы алғанда, 1994 адамға мерекеге орай берілетін бір реттік әлеуметтік көмектің жалпы сомасы 147,1 млн теңгені құрайды.