Антикор Шымкентті жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорынға талдау жүргізіп жатыр

image.png

Заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Қуатжылуорталық-3» МКК-на сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуді бастады деп жазады ҚазАқпарат.

— Талдау барысында мекеменің қызметі, бюджетті жоспарлау және игеру, тарифтер, инвестициялық бағдарламаларды іске асыру, жылу желілерін жөндеу және өзге де мәселелер қарастырылады, — делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Талдауға департамент қызметкерлерімен қатар, мүдделі мемлекеттік органдардың сарапшылары мен азаматтық қоғам өкілдері де тартылады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте әлеуметтік санаттағы азаматтарға жаңа пәтерлердің кілті табысталды
  • Партиец говорит
  • Еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту – уақыт талабы
  • Новая Конституция обеспечит устойчивое развитие страны
  • Жаңа Конституция еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер