Халықтар достығы – халық қазынасы

Шымкент қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында «Халықтар достығы – халық қазынасы» тақырыбында мерекелік концерт өтті. 

Screenshot_11.jpg

Қалалық иран этномәдени бірлестігі ұйытқы болған іс-шараның мақсаты – этномәдени бірлестік өкілдерінің ұлттық мәдениеті мен өнерін жұртшылыққа көрсету арқылы ел бірлігін бекемдеу және этностар арасындағы достықты дәріптеу негізінде қоғамдық келісімді сақтау.

Мерекелік концертке қала тұрғындары, қалалық этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері қатысты.

Қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Нүркен Әлімқұлов өз сөзінде қатысушыларды құттықтап, Қазақстан халқы Ассамблеясының ел бірлігін бекемдеу мен бейбітшілік пен қоғамдық келісім құндылықтарын сақтаудағы рөлі туралы айтты. 

– Біздің басты құндылығымыз – бірлік пен өзара құрмет. Қазақстан халқы Ассамблеясы осы қағидатты басшылыққа алып, түрлі этностарды ортақ мақсатқа біріктіріп келеді. Осындай мәдени іс-шаралар достық пен сыйластықты, өзара құрметті нығайтады, – деді.

Концерт барысында қалалық иран этномәдени бірлестігінің мүшелері ұлттық әндері мен билерін орындап, көрерменге өзіндік салт-дәстүрі мен мәдени байлығын таныстыратын көріністер ұсынды. Ал өзге де қалалық этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары концертке белсене  атсалысып, жиналған қауымға өз өнерлерін көрсетті. 

Мерекелік іс-шара соңында концертке қатысушылар достық пен бейбітшілік символына айналған «Қазақстан – Отаным» әнін орындап, көпшіліктің алғысына бөленді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Жарлыққа қол қойды
  • Общественные настроения: между привычкой и принятием нового
  • Семья в меняющемся мире: новые роли и старые ожидания
  • Қазақстан экономикасының өсуі: Cаннан – сапаға қарай
  • Қазақстан мен әлемнің жетекші университеттері стратегиялық серіктестікті нығайтуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер