«Заң мен тәртіп»: ШҚО жастары жауапкершілік пен әділеттілік жолын таңдайды

Республика күні қарсаңында, Қазақстан-Американдық Еркін Университетінде жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған «Заң мен Тәртіп» идеологемасы аясында диалог алаңы өтті.

Screenshot_55.jpg

Іс-шараға университет студенттерімен қатар, Шығыс Қазақстан облысының құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Спикерлер ретінде сөз алғандар:

Қайырбек Қызырбекұлы Хайдаров — ШҚО прокуратурасы басқармасының аға прокуроры;

Сағатбек Қуатбекұлы Малтугелов — ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция майоры;

Жандос Баурланұлы Музтауов — ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі.

Ашық диалог барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы, сондай-ақ заңға бағыну мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Ерекше назар құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке, цифрлық қауіпсіздікке және қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайтудағы жас ұрпақтың рөліне аударылды.

Спикерлер өз тәжірибелерінен мысалдар келтіріп, азаматтардың құқықтарын қорғаудың заманауи тетіктері туралы айтып, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Жастар белсенділік танытып, талқылауға қызығушылықпен қатысып, өз пікірлері мен мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын білдірді.

Іс-шара жылы әрі конструктивті атмосферада өтіп, өңір жастары арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруда диалог форматының маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Заң мен тәртіп»: ШҚО жастары жауапкершілік пен әділеттілік жолын таңдайды
  • Қазақстанның бітімгершілік рөлі: Ереван мен Бакудің жақындасуына қосқан үлесі
  • Елде «Republic day» акциясы басталды: Республика күніне орай мыңдаған тауарға жеңілдіктер
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларациясына – 35
  • ​Қазақстанның цифрлық даму бағыты және жасанды интеллект саласын жетілдіру
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер