Шымкент: Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс бабымен қаланы аралау барысында жедел медициналық жәрдем қызметіне 30 жаңа санитарлық автокөліктің кілтін табыстады.

1000520021.jpg

Мегаполис басшысы медицина ұйымдары мен шұғыл қызметтердің материалдық-техникалық базасын жаңарту әкімдік жұмысының басым бағыттарының бірі екенін айтты. Жедел жәрдем автопаркін жаңарту – халыққа көрсетілетін шұғыл медициналық көмектің сапасы мен жеделдігін арттырудағы маңызды қадам.

«Hyundai STARIA» маркалы жаңа санитарлық автокөліктер заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Көліктерде кардиографтар, дефибриллятор-мониторлар, өкпені жасанды желдету аппараттары, электрлі сорғыштар, оттегі баллондары, арнайы зембілдер және қорғаныш қалқандары бар.

Қала әкімі, сонымен қатар, денсаулық сақтау ұйымдарына  «Аль-Фараби фарм Лтд» ЖШС демеушілігімен сатып алынған, медициналық жабдықтарға арналған сертификаттар табыстады. Тапсырылған жабдықтардың қатарында жаңа туған нәрестелерге арналған инкубаторлар, функционалдық және реанимациялық төсектер бар. Бұл жабдықтар нәрестелерді күтіп-бағу сапасын арттыруға және ауыр хәлдегі науқастарды тиімді емдеуге мүмкіндік береді.

Қала әкімі денсаулық сақтау саласын жаңарту және Шымкент тұрғындарына медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыс жалғаса беретінін атап өтті.

Айта кетейік, бүгінде қалалық жедел медициналық жәрдем қызметі 10 қосалқы станция базасында жұмыс істейді. Тәулік бойы тұрғындарға 115 бригада шұғыл көмек көрсетеді, оның ішінде 28 дәрігерлік және 87 фельдшерлік бригада бар.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Асар-2 шағынауданында тағы 23 отбасы жаңа пәтерлерге ие болды
  • В Шымкенте продолжается работа по обеспечению жильем социально уязвимых слоев населения
  • Шымкентте әлеуметтік осал топтағы азаматтар тұрғын үймен қамтылуда
  • Конституция преамбуласын жаңарту тек редакциялық түзету емес
  • Вице-Президенттің өзге де өкілеттері Президентпен айқындалады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер