Шымкентте сарбаз қайтыс болды

image.png

Шымкент қаласында 6506 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қайтыс болды, деп хабарлайды  rgmedia.kz  тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық ұланның мәліметінше, сарбаз Жамбыл облысының Тараз қаласынан шақырылған. Қызмет өткеру кезеңінде ол бірнеше рет медициналық көмекке жүгінген, дәрігерлердің бақылауында болып, Шымкент қаласындағы емдеу мекемелерінде тексеруден өткен.

"2026 жылғы 6 қаңтарда мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің жүрегі кенеттен тоқтады. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, ол қалалық ауруханада көз жұмды. Алдын ала диагноз — «жедел лейкоз». Аталған факт бойынша әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Жағдай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының жеке бақылауында", – делінген жазбада.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Соңғы бес жылда асқазан-ішек ауруларының көрсеткіші күрт артты
  • Әлемнің үздік аспаздары Шымкентте бас қосты
  • Қолжетімді баға, сапалы өнім: Шымкенттегі сенбілік жәрмеңкелер өтуде
  • Рухы мықты жандардың энергиясы: Шымкентте IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті
  • Тоқаев ел жастарына: «Сіздерге отанымыздың тағдырына қатысыңыз бар екенін білдіретін орайлы мүмкінді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер