Еріктілер – қоғамның жасампаз күші және отаншылдықтың үлгісі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөйлеген сөзінде еріктілер қозғалысының қоғамдағы орны мен маңызын айрықша атап өтті. 

Screenshot_3.png

Президенттің айтуынша, ерікті болу – тек қоғамдық жұмыс емес, бұл Отаныңа адал қызмет ету мен азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі.

Президент форумға еліміздің барлық өңірінен жиналған жастарды Қазақстанның нағыз отаншыл, жасампаз және қамқор азаматтары деп бағалады. Оның сөзінше, ниеті түзу, жаны таза жандар ғана еріктілік жолын таңдайды. Сондықтан волонтерлерді озық ойлы қоғамның айнасы деуге толық негіз бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия мен табиғи апаттар кезінде еріктілердің ерекше белсенділік танытқанын еске салды. Мыңдаған волонтер дәрігерлерге, мұғалімдерге, тәртіп сақшыларына және мұқтаж азаматтарға көмек көрсетіп, ел бірлігінің нақты үлгісін көрсетті. Президенттің пікірінше, бұл – қазақ халқының мейірбан әрі кеңпейіл ұлт екенін дәлелдейтін нақты істер.

Мемлекет басшысы еріктілерді «Адал азамат» деген атқа лайықты деп атап, олардың тұтас қоғамның игілігін ойлайтын саналы азаматтар екенін жеткізді. Президент жастардың белсенділігіне зор сенім артатынын айтып, Қазақстанның болашағы дәл осындай жігерлі ұл-қыздардың қолында екенін ерекше атап өтті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бектенов проверил исполнение поручений Президента по реализации проекта «Долина ЦОДов» в Экибастузе
  • Бектенов Екібастұздағы «Деректерді өңдеу орталығы алқабы» жобасын жүзеге асыру барысын тексерді
  • ​Волонтерлік – экологиялық мәдениет пен әділ қоғам қалыптастырудың негізі
  • Қазақстанда волонтерлік қозғалыс жаңа кезеңге қадам басты
  • Еріктілер – қоғамның жасампаз күші және отаншылдықтың үлгісі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер