ҚР Ата заңы жобасы: Құндылықтарға негізделген жаңа конституциялық модель

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы елдің конституциялық дамуына сапалы мазмұндық өзгерістер енгізуді көздейді. 

Screenshot_3.png

Жаңа редакцияда Конституцияның құрылымы жүйеленіп, Кіріспе, 11 бөлім және 95 баптан тұратын нұсқаны бекіту ұсынылып отыр. Бұл құқықтық нормалардың айқындылығы мен қолданылу тиімділігін арттыруға бағытталған.

Жобаның басты жаңалығы – Кіріспеде адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде алғаш рет айқындалуы. Бұл тәсіл Қазақстанның құқықтық мемлекет ретіндегі бағытын нақтылап, адамның қадір-қасиетін конституциялық деңгейде қорғауды күшейтеді.

Сонымен қатар, бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің іргетасы ретінде белгіленді. Егемендік пен тәуелсіздік, унитарлық сипат пен аумақтық тұтастық өзгермейтін конституциялық құндылықтар санатына енгізілді.

Алғаш рет Әділеттілік, Заң және Тәртіп, сондай-ақ табиғатты аялау қағидаттары Конституция деңгейінде бекітіліп, мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуының құқықтық негізін қалыптастырды. Бұл өзгерістер қоғам мен мемлекет арасындағы жаңа жауапкершілік моделін орнықтыруға бағытталған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қолжетімді баға, сапалы өнім: Шымкенттегі сенбілік жәрмеңкелер өтуде
  • Рухы мықты жандардың энергиясы: Шымкентте IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті
  • Тоқаев ел жастарына: «Сіздерге отанымыздың тағдырына қатысыңыз бар екенін білдіретін орайлы мүмкінді
  • Қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам
  • ОРК референдум алдында үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынатынын еске салды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер