Конституциялық комиссия: жаңа Ата заңды әзірлеудің негізгі алаңы

Қазақстан Республикасында жаңа Конституцияны әзірлеу үдерісінде Конституциялық комиссия шешуші рөл атқарды. Комиссияның негізгі міндеті – конституциялық реформа аясында құқықтық тұрғыдан негізделген, қоғам сұранысына сай ұсыныстар әзірлеу болды.

Screenshot_5.png

Комиссия құрамына 130 адам кіріп, оның жұмысына құқықтанушы ғалымдар, мәслихат төрағалары, Ұлттық құрылтай өкілдері, өңірлік қоғамдық кеңестер мүшелері, сарапшылар, ғылыми қауымдастық пен бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары тартылды. Бұл құрам реформаны жан-жақты әрі кәсіби тұрғыда талқылауға мүмкіндік берді.

Комиссияның жұмыс органы ретінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Аппараты белгіленіп, ұсыныстарды жүйелеу мен құқықтық сараптауды қамтамасыз етті. Комиссия отырыстары ашық форматта өтіп, онда белгілі заңгерлер, құқық қорғаушылар, қоғам белсенділері, депутаттар мен саясаттанушылар сөз сөйледі.

Сонымен қатар, комиссия жұмысы тікелей эфирде көрсетіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен әрі егжей-тегжейлі жарияланып отырды. Бұл жаңа Конституция жобасының ашықтық, жариялылық және қоғамдық бақылау қағидаттарына сай әзірленгенін айқын көрсетеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қолжетімді баға, сапалы өнім: Шымкенттегі сенбілік жәрмеңкелер өтуде
  • Рухы мықты жандардың энергиясы: Шымкентте IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті
  • Тоқаев ел жастарына: «Сіздерге отанымыздың тағдырына қатысыңыз бар екенін білдіретін орайлы мүмкінді
  • Қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам
  • ОРК референдум алдында үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынатынын еске салды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер