Жаңа Конституция еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау және түсіндіруге арналған кездесу өтті. 

Screenshot_1.png

Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысып, құжаттың негізгі басым бағыттарына кеңінен тоқталды.

Кездесу барысында қала әкімінің орынбасары ұсынылып отырған жаңа Ата заң жобасында адам капиталы, білім, ғылым және инновацияны дамыту мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдықтары ретінде айқындалғанын атап өтті. Бұл бағыттар елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, жастардың әлеуетін толық іске асыруға және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға негіз болатынын жеткізді.

Сонымен қатар, жаңа Конституция жобасының Преамбуласына ерекше мән беріліп, онда Қазақстанның тарихи жолы, тәуелсіздік құндылықтары мен ұлттық бірегейлігі көрініс тапқаны айтылды.

Жиын барысында Сәрсен Құранбек қолданыстағы Конституция еліміздің қалыптасуы мен даму кезеңінде өз миссиясын толық атқарғанын, ал қазіргі уақытта заман талаптарына сай жаңартылған құқықтық негіз қажеттігін атап өтті.

Кездесу соңында мұндай түсіндіру жұмыстарын өткізу жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, ел болашағына қатысты белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға ықпал ететіні айтылды. Сәрсен Абайұлы жастарды елін, жерін сүйетін, жауапкершілігі жоғары патриот азамат болуға шақырды. Сонымен қатар, іс-шара барысында университет оқытушылары да өз пікірлерін білдіріп, Конституцияның жаңа жобасына қолдау білдірді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңартылған Конституция: әділеттілік, заң және тәртіп қағидаты
  • Шымкент қаласында 695 мыңнан астам дауыс беруші бар
  • ҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ!
  • Мәдени мұраны қорғау
  • Ұлттық қауіпсіздік басымдылығы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер