«Парасат» колледжінің ұжымы жаңа Конституция жобасын талқылады

Шымкент қаласындағы «Парасат» колледжінің ұжымы елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларға орай бас қосып, жаңа Конституция бойынша кездесу өткізді.

Screenshot_5.png

Іс-шара барысында Орталық Азия инновациялық университеті «Құқық» кафедрасының аға оқытушысы Әділбек Қаныбеков баяндама жасап, Ата Заңның жаңа редакциясында ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларға кеңінен тоқталды. Ол өз сөзінде қазіргі жаһандық геосаяси өзгерістер, ғылым мен технологияның қарқынды дамуы, сондай-ақ қоғам сұраныстарының жаңа деңгейге көтерілуі құқықтық жүйені жаңғыртуды талап ететінін атап өтті.

Спикердің айтуынша, қолданыстағы Конституция өз кезеңінде тарихи міндетін абыроймен атқарды. Алайда цифрлық дәуір жағдайында жаңа құқықтық нормалар қажет. Әсіресе білім мен ғылым саласына ерекше назар аударылуы адам капиталын дамытуға тың серпін бермек.

Жиын барысында жаңа Конституция жобасында дәстүрлі ұлттық құндылықтарды сақтау, отбасы институтын нығайту бағытында жүйелі өзгерістер қарастырылғаны айтылды. Қатысушылар бұл бастамаларды қоғам дамуының маңызды қадамы ретінде бағалады.

Іс-шара соңында колледж оқытушылары мен студенттері Конституциялық реформаға қолдау білдіріп, ел азаматтарын 15 наурызға белгіленген бүкілхалықтық референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сарапшылар кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның ережелерін түсіндірді
  • «Парасат» колледжінің ұжымы жаңа Конституция жобасын талқылады
  • Конституционная реформа – новый этап укрепления национальной идентичности
  • Конституциялық реформа – ұлттық бірегейліктің жаңа белесі
  • Қазақстанда жаңа Конституцияның жобасы жарияланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер